«Бизнестің жол картасы» өзгерістерге ұшырайды

Фотография - «Бизнестің жол картасы» өзгерістерге ұшырайды

ҚР Өңірлік даму министрлігі «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына өзгертулер енгізуді жоспарлауда.

105 0

ҚР Өңірлік даму министрлігі «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына өзгертулер енгізуді жоспарлауда.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Өңірлік даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, бағдарлама аясында несиенің минималды сомасы бойынша жоғары шекті үш есе, нақты айтқанда, 4,5 млрд.-тан 1,5 млрд. теңгеге дейін төмендету көзделеді. Бұл жобалар санының  артуына алып келеді. Аталған қаражатты бақылаудың көпсатылы механизмі қолданылатын болады. Сонымен қатар жоба құны бойынша кепілдіктің ең жоғары шегін 9 есеге төмендету жоспарлануда.

«Осылайша біз шағын және орта бизнес жобаларын кепілдендіру тетіктерін ауқымды түрде іске қоса алатын боламыз», - деді ол.

Сондай-ақ бағдарламаға  кәсіпкерлікті енді бастаған әйелдерге, жас кәсіпкерлерге, мүгедектерге қолдау көрсетудің жаңа түрлерін енгізу жоспарлануда. Қ.Өскенбаевтың нақтылай түсуінше, жаңа тетіктер халықаралық тәжірибе мен ел өңірлеріндегі шағын және орта бизнес қажеттіліктеріне сараптама жасау негізінде әзірленген.


Тегтер:

саясат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!