Қазақстан мен Еуроодақтың өзара ынтымақтастығының табысты болуына мүмкіндік зор

Фотография - Қазақстан мен Еуроодақтың өзара ынтымақтастығының табысты болуына мүмкіндік зор

Бұл туралы Мәжіліс Аппаратының баспасөз қызметінен мәлім етті.

184 0

Бүгін Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Елші, Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің басшысы Аурелия Бушезбен  кездесті.

Бұл туралы Мәжіліс Аппаратының баспасөз қызметінен мәлім етті.

Кездесу барысында тараптар қазақстандық-еуропалық одақтың ынтымақтастығы төңірегіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, әріптестік қарым-қатынасты тереңдету Қазақстанның да, Еуроодақтың да сыртқы саясатының стратегиялық басымдығы екені баса айтылды. 

Екі тарап Қазақстан мен Еуропалық Одақты еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту жолындағы ортақ ұстаным біріктіретінін тілге тиек етті. Бұл ретте Нұрлан Нығматулин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Орталық Азия аймағындағы, жалпы әлемдік қауіпсіздікті дамытудағы үлесіне  жеке тоқталды.  

Парламент Мәжілісінің төрағасы мен ЕО өкілдігінің басшысы екіжақты қарым-қатынасты күшейтуде парламентаралық ынтымақтастықтың орны ерекше екенін атап өтті.

2000 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитеті маңызды мәселелерді талқылайтын тиімді сұхбат алаңы болып табылады.

Өзара байланысты одан әрі тереңдете түсу үшін қазіргі уақытта Қазақстан мен Еуроодақ арасында жаңа Келісім бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның мақсаты - алдағы әріптестіктің басым бағыттарын анықтау және бекіту.

Тараптар Қазақстан мен Еуроодақтың өзара ынтымақтастығының табысты болуының мүмкіндігі зор екеніне сенім білдірді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!