Қарағанды әкімінің орынбасары қызметіне Ержан Темірханов тағайындалды

Фотография - Қарағанды әкімінің орынбасары қызметіне Ержан Темірханов тағайындалды

 Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары лауазымына бұған дейін облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы болып жұмыс істеген 33 жастағы Ержан Темірханов тағайындалды

234 0

 Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары лауазымына бұған дейін облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы болып жұмыс істеген 33 жастағы Ержан Темірханов тағайындалды, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінен алынған ақпаратқа қарағанда, Е. Темірханов өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешенінің, экология мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Е. Темірханов 1980 жылы Қарағандыда дүниеге келді. Екі жоғары білім бар: заңгер (Қарағанды заң институты) және экономист (Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті). Өзінің еңбек жолын құқық қорғау және кеден органдарында қызмет етуден бастады. 2005 жылдан бастап коммерциялық құрылымдарда жетекшілік қызметтерде болды. Бұл лауазымға тағайындалмас бұрын Қарағанды облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы болып қызмет атқарды.


Тегтер:

саясат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!