Қаламқас кеніші жұмысшыларына уәде берілді

Фотография - Қаламқас кеніші жұмысшыларына уәде берілді

12 наурызда жұмысшылармен кездескен компания өкілдері брифинг өткізген

120 0

Маңғыстау облысының Қаламқас кенішінде жөндеу жұмыстарымен айналысатын Oil Service Company (OSC) компаниясы жұмысшылар айлығын көтеру мәселесін 30 сәуірге дейін шешетін болды.

12 наурызда жұмысшылармен кездескен компания өкілдері брифинг өткізген. Онда компания директорының әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Тойлыбай Сатыбалдиев жұмысшылардың айлықты көбейту туралы талабын 30 сәуірге дейін шешуге уәде берілгенін айтқан. Бірақ компания жұмысшылардың қауіпсіздік қызметін алып тастау туралы талабын орындай алмайды.

Тойлыбаевтың сөзіне қарағанда, 30 сәуірге дейінгі уақытта компанияда жаңа төлем жүйесін енгізу бағдарламасы қабылданбақ.

Наурыздың 10-ында компанияның біраз жұмысшысы жалақыны көбейтуді талап етіп жұмысқа шықпай қойған еді. Бұдан соң компания басшылары жұмысшылармен кездесіп, наразылық танытқандар қайта жұмысқа шыққан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!