Ауыл әкімдері сайлауын өткізетін күн әлі түпкілікті анықталған жоқ

Фотография - Ауыл әкімдері сайлауын өткізетін күн әлі түпкілікті анықталған жоқ

Ауыл әкімдері сайлауын өткізетін күн әлі түпкілікті анықталған жоқ.

189 0

Ауыл әкімдері сайлауын өткізетін күн әлі түпкілікті анықталған жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте комиссияның бас сарапшысы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Венера Жексембекова мәлім етті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2013 жылдың қыркүйегінен кешіктірілмей елімізде аудандық маңыздағы қалалардың, ауылдық окургтердің, ауылдық округ құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдардың әкімдерін тиісті мәслихаттар арқылы сайлау ұйымдастырып өткізілуі тиіс», - деді ол.

В.Жексембекованың атап өтуінше, кандидаттарды ұсынуды аудан әкімі жергілікті қоғамдастықпен кеңесе отырып, балама негізде жүзеге асырады. Ал осы сайлау науқанын бастау мерзімі әлі түпкілікті анықталған жоқ. Қазіргі уақытта тиісті әзірлік жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл әкімдерін сайлау демократиялық қайта құрудың жалғасы болып табылатын маңызды қадам екендігін баса айтқан ол: «Шамамен 2500 әкім сайлануы тиіс. Бұл барлық деңгейдегі әкімдердің жалпы санының 90 пайызын құрайды», - деді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!