Веналық адвокат Рахат Әлиевке қатысты жиын өткізді

Фотография - Веналық адвокат Рахат Әлиевке қатысты жиын өткізді

Венаның федералдық жоғарғы соты шетелде жүрген Қазақстан президентінің бұрынғы күйеубаласы Рахат Әлиевке қатысты тағылған айыптардың негізі бар деген шешім шығарды

216 0

Венаның федералдық жоғарғы соты шетелде жүрген Қазақстан президентінің бұрынғы күйеубаласы Рахат Әлиевке қатысты тағылған айыптардың негізі бар деген шешім шығарды. Бұл туралы бүгін жәбір көрді делінген "Нұрбанктің" қаза тапқан бұрынғы менеджерлері жесірлерінің құқын қорғап жүрген веналық адвокат Габриэль Ланский Алматыда өткен баспасөз жиынында мәлімдеді.

"Нұрбанктің" қаза тапқан менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің жесірлерінің- құқын қорғап жүрген адвокат жиында Вена жоғарғы сотының Әлиевтің үстінен "қылмыстық жолмен табылған қаржыны бопсалау және жымқыру үшін ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарды" деген айып таққанын растады. Сот бұған қоса Қазақстандағы тергеу нәтижелері мен "Нұрбанк" ісіне қатысты Қазақстан соты шығарған үкімнің қорытындыларының негізі бар және жәбір көрген Армангүл Қапашева мен Әбілмәжін Ғылымовтың сотқа берген жауаптары сенімді деп тапқан.

"Вена соты Әлиевтің саяси уәждері оны жасаған қылмысын үшін жауапкершіліктен босатпайды, Вена қалалық прокуратурасының тергеуі Әлиев өзі айыпты болған қылмыстарды жасады деген күдікті күшейте түседі" делінген.

Вена қалалық прокуратурасы Әлиевке қатысты бірнеше қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Олардың арасында бопсалау, өзгенің мүлкін иемдену, "Нұрбанк" менеджерлерін ұрлау мен оларды өлтіру және Еуропа аумағында ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікпен қозғалған істер бар.

Ланкси сот алқасының Әлиевке қатысты айыптардың "саяси сипаты жоқ, австриялық тергеу қорытындыларымен нақтыланған" деп шешкенін алға тартады. "Рахат Әлиевтің өзі австриялық құқық органдарынан жасырынбайтынын, кісі өлімі бойынша Венада сотқа тартылуға дайын екенін мәлімдеді" дейді ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!