ҚАЗСТАТ жобасы 2016 жылға дейін жүзеге асырылады

Фотография - ҚАЗСТАТ жобасы 2016 жылға дейін жүзеге асырылады

Мемлекеттік статистика жүйесін жетілдіру бойынша ҚР ҚАЗСТАТ жобасы 2016 жылға дейін 5 жылда жүзеге асырылады.

181 0

Мемлекеттік статистика жүйесін жетілдіру бойынша ҚР ҚАЗСТАТ жобасы 2016 жылға дейін 5 жылда жүзеге асырылады. ҚР Премьер-Министрі ресми сайтының хабарлауынша, бүгін Статистика агенттігі төрағасының орынбасары Жасер Жарқынбаев жобаны жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық үйлестіру жұмыс тобының отырысында осылай мәлім еткен.

«Жобаның мақсаты халықаралық әдіснамаға және іс-тәжірибеге сәйкес мерзімінде сенімді мәліметпен қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік статистика жүйесінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру болып табылады. Жобаны жүзеге асыру мерзімі 5 жыл, 2012-2016 жылдар аралығында»,- деді Ж.Жарқынбаев.

Сонымен қатар, ол жобаның осындай жоба түрлеріне тән стандарттар болып табылатын 6 компоненттен тұратынын атап өтті.

Сонымен, жобаға статистика жүйесі операциялық қамсыздандырудың институционалдық ортасын жетілдіру, кадр әлеуетін дамыту, статистикалық инфрақұрылымды, құралдары мен әдіснаманы жетілдіру, респонденттер мен пайдаланушылардың жұмысын жетілдіру, нақты салалардағы әдіснама мен іс-тәжірибені жетілдіру сияқты блоктар кіреді.

Сонымен қатар, іс-тәжірибелік жүзеге асыру шеңберінде жоба бойынша 250 консультациялық міндет, 64 оқыту семинары, 350 маманды шетелде оқыту болжануда.

Бүгінгі таңда Қазақстан консорциумның 22 халықаралық консультантына барды, 2012-2016 жылдарға жұмыс жоспары солармен бірге құрылған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!