Астанада мол жауын-шашын салдарынан таяу күндері су тасқыны болжануда

Фотография - Астанада мол жауын-шашын салдарынан таяу күндері су тасқыны болжануда

Синоптиктердің болжамынша, елордада таяу күндері күн жылынады. Қазгидрометтің ақпараты бойынша, жаңбыр аралас қар жауып, ауа температурасы 10 градусқа дейін көтерілуі ықтимал

269 0

Астанада мол жауын-шашын салдарынан таяу күндері су тасқыны болжануда деп хабарланады елорданың ресми сайтында.

«Синоптиктердің болжамынша, елордада таяу күндері күн жылынады. Қазгидрометтің ақпараты бойынша, жаңбыр аралас қар жауып, ауа температурасы 10 градусқа дейін көтерілуі ықтимал»,-делінген хабарламада.


Астана қаласы әкімінің орынбасары Василий Крыловтың тапсырмасына сәйкес Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандарының әкімдері қаладағы ірі мемлекеттік, әлеуметтік-мәдени және сауда ойын-сауық орындарын аралап, басшыларына ғимараттардың төбелерін қардан тазалау жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.


Астана қаласы әкімі аппаратының өмір тіршілігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымдарды дамыту бөлімі атап көрсеткеніндей, ауа райының күрт жылынуы мен түнде салқындап, мұздың қатуына байланысты қаладағы барлық меншік иелері нысандар мен ғимараттарды, тұрғын үй қорларын қардан тазалауға, басқа да іс-шараларды атқаруға асқан жауапкершілікпен қараулары қажет.


Қазір қалада су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары бұрынғыдан да күшейтілді. Ведомстводан astana.kz сайтына хабарлағандай, мердігерлік ұйымдар күшімен балабақша, емдеу мекемелері, аула аумақтары қардан тазаланып, бірінші кезекте су басуы мүмкін осал тұстар анықталуда.


Еске салайық, су тасқыны комиссиясы қала аумағында осындай осал 19 әлеуетті учаскені анықтаған болатын. Қазір бұл жерлерде қар суының жиналып қалуын болдырмау үшін қарқынды іс-шаралар атқарылуда.


Сондай-ақ, Астана қаласы әкімі аппаратының өмір тіршілігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымдарды дамыту бөлімі барлық жекеменшік ұйымдарға да шатырларды қардан тазартып, су тасқынына қарсы бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуін ескертеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!