Үкімет басшысы Алматыда кәсіпкерлермен кездесті

Фотография - Үкімет басшысы Алматыда кәсіпкерлермен кездесті

Алматыда белсенді креативті кәсіпкерлер жұмыс жасайды

191 0

Алматыда белсенді креативті кәсіпкерлер жұмыс жасайды. Бұл туралы Премьер-Министр Серік Ахметов бүгін Алматыда кәсіпкерлермен болған кездесуде айтты.

«Елбасының тапсырмасы бойынша Алматыға келіп, қаланың тіршілігімен танысып, бірқатар нысандарды аралап отырмыз. Енді бизнес өкілдерінің ұсыныстарын талқылап, хаттама қабылдаймыз», - деді Үкімет басшысы.

Серік Нығметұлының сөзіне қарағанда, Қазақстандағы кәсіпкерлердің салықтық жүктемесі Кеден одағында, ТМД елдерінде ең төмені болып отыр.  Онда кәсіпкерлердің тасымалдау қызметіне қатысты сауалына жауап берген Премьер-Министр мемлекет өнімнің өзіндік құнын төмендету мақсатында отандық өндірушілерге қолдау көрсетіп жатқанын айтты. Оның айтуынша, алайда тасымалдау қызметіндегі алымдар оның құнын қайта өсіруге түрткі болып отырғанын айтты. Сондай-ақ Көлік және коммуникация министрлігіне бұл ахуалды реттеу үшін ертең Астанада арнайы мәжіліс өткізуге тапсырма берді. Ал дәрі-дәрмек тендері бойынша сауалға Денсаулық сақтау министрлігіне бұл жүйені реформалау туралы тапсырма бергенін, енді оның Үкіметте қаралатынын жеткізді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!