Екі мұнай кеніші ашылды

Фотография - Екі мұнай кеніші ашылды

Бүгін Қашаған кенішінен кейін бірінші рет Каспий қайраңынан тағы да екі кенішінің ашылғаны ресми түрде бекітілді.

146 0

Бүгін Қашаған кенішінен кейін бірінші рет Каспий қайраңынан тағы да екі кенішінің ашылғаны ресми түрде бекітілді.

Олар – Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан Хазар және Қаламқас кеніштері. Бұл туралы Геология және кен орындарын пайдалану комитетінің қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында белгілі болды. Жаңа кеніштерде жүргізілген геологиялық барлау және бағалау жұмыстарынан кейін ондағы қордың көлемі де анықталды. Қаламқас кен орнында 70 миллионға жуық тонна мұнай болса, ал Хазарда 31 млн тонна қара алтын бар. Бұл қазба байлықты игеру жұмыстары 2019 жылы басталады. Ал бүгінде аталған орындарда инфрақұрылым дамыту мәселесі қолға алынды.

Екі кеніште 100 миллионнан астам тонна мұнай қоры бар. Атап айтқанда, Хазарда шамамен 30 млн, ал Қаламқаста 70-80 млн мұнай бар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!