2015 жылға дейін моноқалаларда апатты үйлер болмауы керек

Фотография - 2015 жылға дейін моноқалаларда апатты үйлер болмауы керек

2015 жылға дейін моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде апаттық жағдайдағы барлық үйлер жойылады

226 0

2015 жылға дейін моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде апаттық жағдайдағы барлық үйлер жойылады. Бұл туралы Рrimeminister.kz сайтына сұхбат берген ҚР Өңірлік даму министрлігінің Өңіраралық даму және экономикалық аудандастыру департаментінің директоры Ерасыл Жұманбаев мәлім етті.

«Моноқалалардағы апатты үйлерді жоюға 2013-2014 жылдарына 1,5 млрд. теңге қарастырылған. Ал моноқалаларды дамыту бағдарламасына сәйкес, 2015 жылға дейін апатты үйлер болмауы керек. Осылайша, алдағы екі жылда апатты жағдайда тұрған  179 үй жойылады»,- дейді Е.Жұманбаев.

Оның айтуынша, бүгінгі күні моноқалалардағы сырылып тастауға жататын үйлердің жалпы саны 521-ді құрайды, оның 179-ы коммуналдық меншікте болса, қалғаны жеке меншікте. Ал сол жойылуға жататын апатты 179 үйдің  басым бөлігі Жаңатас қаласына (104 үй), Абай қаласына (56 үй), Қаратау (18 үй), Кентау (1 үй) қаласында орналасқан. Бұдан бөлек, Арқалық қаласындағы 117 үй әзірше жеке меншіктің иелігінде қалып отырса, соттарда 2 мыңға тарта пәтерді иесіз деп тану туралы заңгерлік талап-арыздар жатыр.

«Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар апатты жағдайдағы үйлерді коммуналдық меншікке алу бағытындағы жұмысты жандандырулары қажет», - дейді Е.Жұманбаев.

Тоқтала кететін жайт, бағдарлама аясында апатты үйлердің орнын жалға берілетін баспаналармен алмастыру қарастырылған. Осыған орай, ағымдағы жылы Риддер қаласында 12 бесқабатты үйлер тұрғызылады деп есептелуде. Бұл мақсатқа 1,2 млрд теңге нысаналы трансферт көзделген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!