Алматы облысының Сарыөзек ауылында әскери гранаталар табылды

Фотография - Алматы облысының Сарыөзек ауылында әскери гранаталар табылды

«Арлан» арнайы жасағының сарбаздары Алматы облысының Кербұлақ ауданында табылған екі әскери гранатаны зиянсыздандырды.

340 0

«Арлан» арнайы жасағының сарбаздары Алматы облысының Кербұлақ ауданында табылған екі әскери гранатаны зиянсыздандырды.

Кербұлақ АІІБ-нің кезекшілік бөліміне белгісіз ер адам қоңырау шалып, Сарыөзек ауылының шетінде екі әскери граната жатқандығын хабарлады. Аталған жерге дереу жеткен жедел-іздестіру тобы оқ-дәрілердің табылғандығы туралы ақпаратты растады.

Гранаталардың екеуінде де тоттану белгілері болды, бұл кездейсоқ жарылып кету қаупін арттырды. Кербұлақ АІІБ-нің полицейлері қауіпті аумақты облыс орталығынан ІІД «Арлан» арнайы жасағының саперлары келгенге дейін қоршауға алды. Гранаталар арнайы полигонда жойылатын болады.


Тегтер:

Әскер

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!