Бақытжан Сағынтаев БҚО-на келді

Фотография - Бақытжан Сағынтаев БҚО-на келді

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.

194 0

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Б.Сағынтаев алдымен Орал қаласы Зачаган кентіндегі  көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен таныспақ.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары сондай-ақ, өңірдегі су тасқынына қарсы дайындық барысын бақылап, бірқатар әлеуметтік, өндірістік нысандарда болады.

Облыс әкімдігінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрінің қатысуымен өтетін кеңесте облыстың су тасқынына әзірлігі, көліктік инфрақұрылымның даму болашағы және басқа да өзекті мәселелер талқыланбақшы.


Тегтер:

саясат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!