ҚР Президенті Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасының төрағасы болып сайлануымен құттықтады

Фотография - ҚР Президенті Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасының төрағасы болып сайлануымен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы, Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады

123 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы, Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.


«Мемлекет басшысы С.Цзиньпинді Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы сессиясының сәтті өтуімен және Қытай Халық Республикасының төрағасы лауазымына сайлануымен шын жүректен құттықтады»,-делінген хабарламада.


Қазақстан Президенті бұл оның басқарушылық тәжірибесінің мойындалуы, ҚХР халқының әл-ауқатын арттыру және Қытай коммунистік партиясын дамыту жөніндегі қызметінің нәтижесі болып табылатынын атап өтті.


«Сіздің басшылығыңызбен партия Қытайды әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа белесіне көтеретініне және халықаралық аренада елдің бекем беделін нығайтатынына сенімдімін» ,-делінген жеделхатта.


Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі екенін атап көрсетті.


«Екі ел арасындағы тиімді ынтымақтастықтың қарқынды дамуы біздің халықтарымыздың игілігі мен өсіп-өркендеуіне бағытталатынына кәміл сенемін» ,- деп атап өтілген жеделхатта.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!