«Іздестіру» операциясы барысында Қазақстанда іздеуден жүрген 300-ден астам адам ұсталды

Фотография - «Іздестіру» операциясы барысында Қазақстанда іздеуден жүрген 300-ден астам адам ұсталды

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ІІМ-мен қол жеткізген уағдаластыққа сәйкес 2013 жылғы 12-14 наурыз аралығында бірлескен «Іздестіру» операциясы жүргізілді.

145 0

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ІІМ-мен қол жеткізген уағдаластыққа сәйкес 2013 жылғы 12-14 наурыз аралығында бірлескен «Іздестіру» операциясы жүргізілді, деп хабарлады жұмада ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитеті басқармасының бастығы Мұран Шамғұнов. 

 

«Аталған жедел іс-шараның мақсаты қылмыс жасауға күдікті ретінде айыпталған және анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынған адамдарды іздестіру, ұстау, сондай-ақ  хабарсыз кеткендердің жүрген жерін анықтау болып табылады.Операция барысында 331 қылмыскер анықталып, ұсталды, оның ішінде  кісі өлтіргені үшін – 9, қарақшылық үшін – 11, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру– 6 және тонау бойынша - 34, республикадан тысқары жерлерде – 17; Достастық елдері үшін – 61 қылмыскер анықталып, ұсталды», - деді Шамғұнов брифинг барысында.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!