Жемқорлық тізбесінде ОҚО көш басында

Фотография - Жемқорлық тізбесінде ОҚО көш басында

Оңтүстік Қазақстан облысында жемқорлық дендеп тұр. Індет жайлаған аймақтар тізімінде Астана қаласы екінші орында тұр.

363 0

Оңтүстік Қазақстан облысында жемқорлық дендеп тұр. Індет жайлаған аймақтар тізімінде Астана қаласы екінші орында тұр.

Бұл мәлімет Қаржы полициясы агенттігінде өткен қоғамдық кеңестің отырысында жарияланды. Кеңес мүшелері індетпен күресу жолдарын қарастырып, салық органы қызметінің есебін тыңдады.

Қоғамдық кеңес отырысы жылына екі рет өткізіледі. Биылғы жылдың алғашқы кездесуінде белгілі болғанындай, жемқорлық салық органдарының қызметкерлерін жалмаған. Өйткені кәсіпкерлердің «екінші үйі» саналатын органда рұқсат беру құжаттарының басым бөлігі рәсімделеді. Өткен жылы 94 жемқорлық фактісі тіркелген. Биылдың екі айында 5 қылмыстық іс қозғалды. Жемқорлар өз қызметі үшін 1 мың теңгеден 1 млн. теңгеге дейін пара алады. Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев жалақының төмендігінен кез-келген азамат осы қадамға барады дейді. Мысалы жас маманның жалақысы 50 мың теңге көлемінде. Еліміздің бас салықшысы өзіне тікелей бағынатын маман пара алып жатқан жерінде ұсталса, лауазымынан кететін айтты.

Әнуар ЖҰМАДІЛДАЕВ, ҚР ҚМ Салық комитетінің төрағасы:

Иә егер менің қол астындағы маман пара алып жатқан жерінен ұсталса, мен лауазымнан кетуге дайынмын. жоғары басшылық өзіне тікелей бағынатын мамандар үшін жауап беруі тиіс. мен осы саясатты қолдаймын.

Аймақтық қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері бейнебақылауға шығып, қандай да бір дәлелденген факт бойынша жемқорлар жазаларын алмай жүргенін жеткізді. Әнуар Жұмаділдаев болса, әрбір іспен өзі жіті танысып, соңына дейін жеткізетіндігін мәлімдеді.


Тегтер:

пара

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!