Астанадағы уақытша ұстау абақтысына 106 адам қамалды

Фотография - Астанадағы уақытша ұстау абақтысына 106 адам қамалды

Жүзге жуық жеткіншек бүгін оқшаулау мекемесін аралады.

248 0

Жүзге жуық жеткіншек бүгін оқшаулау мекемесін аралады.

Астанадағы уақытша ұстау абақтысында қазір 106 адам жатыр. Көбісі есірткіге елтігендер және мас күйінде көлік жүргізгендер. Олардың мүшкіл күйін көріп, бұзақылыққа бармайды деген ниетпен полиция қызметкерлері балаларды қапас ішіне кіргізді.

Көп ұзамай мұндағы қылмыскерлер түрмеге аттанады. Экскурсияға келген жеткіншектер –  бір рет шалалық жасап, полиция қолына түсіп көргендер. Мәселен, Арман әкесінің көлігін рұқсатсыз алып, қалада кішігірім жол апатына ұрынып, сол үшін сазайын да тартты. Енді ол бұзақылықтан аулақ болғысы келеді. Экскурссия барысында балаларға иіс сезгіш иттердің шапшаңдығы мен түрлі қауіпті қару-жарақтар да көрсетілді.

Арман СӘРСЕНБАЙ, колледж студенті:

- Экскурссияға біз 5 адам болып келдік, инспектормен бірге. Бізге камералардағы адамдардың жағдайын көрсетті. Маған ұнамай, тез арада сыртқа шығуды қаладым. Бір рет өзімде әкімшілік құқық бұзып ұсталынғанмын. Енді бір қателік кетті басымнан. Енді соны қайталамауға тырысамын.

Айнұр ӘБІЛ, аға инспектор:

- Мен полиция қызметкерімін, сонымен қатар, екі бала тәрбиелеп отырған анамын. Ішкі істер органдарының арнайы мекемелеріне әкеліп отыған кәмелетке толмағандарымыз ол осыдан кейін. Осы іс шарадан кейін қылмысқа бармайды, жаман пиғылдан аулақ болады деп сенеміз.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!