Қазақстан халқы 17 млн. адамға жуықтады

Фотография - Қазақстан халқы 17 млн. адамға жуықтады

Қазақстан халқы 17 млн. адамға жуықтады. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті

356 0

Қазақстан халқы 17 млн. адамға жуықтады. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті, - деп хабарлады gazeta.kz.

«Ағымдағы жылдың 1 ақпанында Қазақстан халқының саны 16 млн. 931,1 мың адамды құрады»,-деді ол.


Оның атап өтуінше, ел халқының құрамындағы қала тұрғындарының саны 9 млн. 278,7 мың адамды, ал ауыл халқы 7 млн. 655,4 мың адамды құрады. Биылғы қаңтар айында республика халқы 22,2 мың адамға немесе 0,113 пайызға өсті. Өткен жылдың 1 ақпанындағы мәліметтермен салыстырғанда халық саны 236 мың адамға немесе 1,4 пайызға өсті.


Ә. Смайыловтың нақтылай түсуінше, республика халқының табиғи өсімі 2013 жылдың қаңтар айында 22,1 мың адамды құраған. Өткен жылдың қаңтар айында бұл көрсеткіш 21,7 мың адам болған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!