Астанада Наурыз мейрамына арналған негізгі іс-шара «Қазақ елі» алаңында өтеді

Фотография - Астанада Наурыз мейрамына арналған негізгі іс-шара «Қазақ елі» алаңында өтеді

Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы Астана қаласында жылда кең көлемде, ауқымды іс-шаралармен аталып өтіледі

192 0

Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы Астана қаласында жылда кең көлемде, ауқымды іс-шаралармен аталып өтіледі.

Биылғы жылғы Наурыз мейрамына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің жеке блогына қойылған сауалға жауапта айтылды.

«8 наурыз мерекесінен кейін қала ішінде кешенді безендіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Атап айтсақ, қала бойынша барлық негізгі көшелерде 200-ден астам үлкен тулар, 1250 ту тұғырлары, 60 тақырыптық билбордтар, 50 кіші архитектуралық формалар  орналастырылып, халық көп жиналатын жерлерде тақырыптық композициялар, түрлі-түсті жарық безендірулері қолданылады. Сонымен қатар, 22 наурыз күні «Қазақ елі» алаңында негізгі мерекелік шара өткізіледі. Шараға облыс орталықтарынан арнайы шақырылған өнер ұжымдары қатысады. Оны ұйымдастыруға білікті режиссерлық топ жұмылдырылған. Жоспар бойынша алаңда 40 киіз үй тігіліп, ұлтымыздың  дәстүрлі өнер бұйымдарының көрмелері өтеді», - делінген қала әкімінің жауабында.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!