Оңтүстікте ұрылар есіріп барады

Фотография - Оңтүстікте ұрылар есіріп барады

Әсіресе, Ескі Иқан ауылындағы жағдай қиын. Мұндағы тұрғындар барымтаның өршуіне әрекетсіз полицейлерді айыптап отыр.

169 0

Әсіресе, Ескі Иқан ауылындағы жағдай қиын. Мұндағы тұрғындар барымтаның өршуіне әрекетсіз полицейлерді айыптап отыр, деп хабарлайды 1tv.kz.


- Есігі де жоқ, тесігі де жоқ. Соны бір-екеуі түсіп алып берген. Бір-екеуі мына арадан алған. Соны воротаны сындырып, алып шығып кеткен ғой. Енді, малымыз да жоқ,– дейді

бір түнде бес бірдей бордақы малынан айырылып қалған Қуаныш Хабибуллаев. Малды сатып, бес баласына керек-жарағын аламын деп отырған отағасы енді дымсыз қалды. Шаруаны бәрінен де тәртіп сақшыларының дәрменсіздігі ашындырады.

Қуаныш Хабибуллаев, Ескі Иқан ауылының тұрғыны:

- Малым табылу үшін менде бір көке болу керек. Менде көке жоқ. Мал бақпауым керек.

Ал, Нәбіхан ақсақалдың жағдайы мүлде аянышты. Сексен қойы бір түнде қолды болған. Ұрының ізіне түскен шаруа жолда тоғыз қойының өлі денесін тапқан. Бәрін көлік қағып кеткен көрінеді. Қалғанының әлі күнге табылар түрі жоқ.

Нәбіхан Пашаходжаев, Ескі Иқан ауылының тұрғыны:

- Мысалы, бес қой алады, он-он бес қой алады, бірақ сексен қойын алмайды ғой. Ол ана поддержкасы, көмегі болғаннан кейін істейді.

Жалпы, соңғы бір жылда бұл ауылда 26 мал ұрлығы болып, 150-ден аса төрт түлік өзгенің құрығында кеткен. Жасалған қылмыстың тек 8-і ғана әшкереленіпті. Күн көрісі осы қорадағы малы болғандықтан, енді «шыдамымыз таусылды» дейді. Бәрі жиналып, бүгін тәртіп сақшыларын сұрақтың астына алды.

Талып Нұртаева, Ескі Иқан ауылының тұрғыны:

- Ешқандай милиция жәрдем бермейді. Ешқандай шара қолданбайды ұрыларға. Ұрылардың ешқашан арқасын іздеп жатқан жоқ. Тоқтамайды.

Ал Түркістан қалалық Ішкі істер басқармасының басшылығы болса, «қол қусырып, қарап отырған жоқпыз» дейді. Соңғы екі айда орын алған бес қылмыстың үшеуі ашылып, бір күдікті қамауда отырғанын айтады. Ал, «Иқанға жауапты инспекторлардың мәселесін қарап жатырмыз» дейді.

Серік Шалқаров, Түркістан қалалық ІІБ бастығы:

- Олардың істерінің барлығын көтеріп қарадық. Әрқайсысына сөгіс берілген. Олардың жұмысы осы бірінші квартал бойынша қаралатын болады.

- Материал эфирге дайындалып жатқанда, ауыл тұрғындарынан тағы суыт хабар келіп түсті. Бүгін түнде Ескі Иқан тұрғынының тағы төрт өгізі қолды болыпты.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!