Астанада туберкулезге қарсы күрес тиімді нәтиже беруде

Фотография - Астанада туберкулезге қарсы күрес тиімді нәтиже беруде

 Туберкулез - әлемге ең кең тараған ауру. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша осы дертпен 9 миллионға тарта адам ауырады.

413 0

 Туберкулез - әлемге ең кең тараған ауру. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша осы дертпен 9 миллионға тарта адам ауырады. Оның асқынуынан 3 миллионға жуық адам көз жұмады. Сондықтан Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы бұл қауіпті аурудың алдын алуға айрықша көңіл бөлуде. Бұл жөнінде astana.kz хабарлайды.

Сайттың жазуынша, өткен жылы туберкулезді анықтау деңгейін арттыру үшін қалада қосымша 7 амбулаториялық-физиатрикалық, оның ішінде 5 фтизио-педиаторлық учаске жасақталды. Сонымен қатар, 2012 жылдың 12 айында 83 ота жасайтын остео-хирургиялық бөлім ашылды. Осыған байланысты аталған салада хирургиялық белсенділік 39,4%-дан 79,1%-ға дейін артты. 

Астана қаласы денсаулық сақтау органдарының шұғыл қолға алған іс-шараларының арқасында қалада туберкулез ауруын айтарлықтай азайтуға қол жеткізілді. Биылғы жылы аталған дерт көрсеткіші 19,1 %-ға азайып, 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100 мың адамға шаққанда 138,1-дің орнына 111,7-ге жетті.

Туберкулезден көз жұмғандар көрсеткіші аталған мерзімде 22,9%-ға төмендеген. 2012 жылы ол 100 мың тұрғынға шаққанда 6,4-ті құраған болатын. Ал оның арғы жылы науқас көрсеткіші 8,3 болған.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!