Сенаторлар «Мемлекеттік қызметтер туралы» заң жобасын талқылады

Фотография - Сенаторлар «Мемлекеттік қызметтер туралы» заң жобасын талқылады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заң жобасы қаралды

141 0

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заң жобасы қаралды.

Заң жобасының негiзгi мақсаты мемлекеттiк қызметтер көрсетудi заңнамалық реттеу, мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбiне қойылатын бiркелкi талаптарды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ретте  көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер саласындағы мемлекеттік органдар өкiлеттiктерiнiң аражiгiн нақты ажырату, мемлекеттiк қызметтердi, оның iшiнде оларды электрондық нысанда көрсету рәсiмдерiн жетiлдiру шаралары да қарастырылады.

Заң жобасының негізгі жаңалықтарының бірі - мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг, бағалау мен бақылау жүргізу.

Отырыс барысында сенаторлар «Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша ҚР-ның бірқатар заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» ілеспе заң жобасын да қарады.

Аталған 2 заң жобасы 28 наурыз күні ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында қаралатын болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!