ҚР Сыртқы істер министрінің Финляндияға сапары басталды

Фотография - ҚР Сыртқы істер министрінің Финляндияға сапары басталды

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов 18-19 наурызда Финляндияға іссапармен барады

220 0

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Финляндияға ресми сапары басталды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

 

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов 18-19 наурызда Финляндияға іссапармен барады. Ол Хельсинкиде Қазақстан Республикасы елшілігінің салтанатты ашылуына қатысады. Елшілік өз қызметін өткен жылдың күзінде бастаған болатын.

 

Іссапар барысында Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов Финляндия Республикасының президенті  Саули Нийнистёмен, Парламент төрағасы Ээро Хейнялуомамен, ЕО және сыртқы сауда істері министрі Александр Стуббпен кездеседі.

 

Бұдан басқа, Е. Ыдырысов 1994 жылдан бастап 2000 жылға дейінгі кезеңде елді басқарған Финляндияның бұрынғы президенті Мартти Ахтисааримен кездеседі. 2008 жылы Ахтисаари Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Ол өзі құрған Crisis Management Initiative (Дағдарыс басқару бастамасы) ұйымын басқарады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!