755

Әкімдердің есеп берулеріне 1 миллион адам қатысқан

 Ғабидолла Әбдірахимов ақпан айында өткен түрлі деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беру науқанының нәтижесімен таныстырды.
Фотография - Әкімдердің есеп берулеріне 1 миллион адам қатысқан

Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингта ҚР Президенті Әкімшілігі төрағасының орынбасары Ғабидолла Әбдірахимов ақпан айында өткен түрлі деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беру науқанының нәтижесімен таныстырды.


Жыл басынан бері әкімдердің 8,5 мың есепті кездесуі өткізіліпті. Бұл жиындарға 1 миллионға тарта халық қатысыпты. Құзырлы органдарға 24 мыңнан астам сауал жолданыпты. Есепті кездесулерде жұмыссыздық, әлеуметтік қамтамасыз ету, коммуналдық қызметтер сапасы, инфрақұрылымдарды жетілдіру, қымбатшылдық, баспана, балабақша мәселелері халықты көп толғандыратындығы белгілі болды.

Загрузка...