Қарағанды облысында 73 үй су астында қалды

Фотография - Қарағанды облысында 73 үй су астында қалды

Қарағанды облысында еріген қардың астында 73 үй қалды, қазіргі уақытта жағдай тұрақталды. Бұл туралы бүгін брифингте облыстық ТЖД-нің бастығы Талғат Нұрмағамбетов хабарлады.

212 0

Қарағанды облысында еріген қардың астында 73 үй қалды, қазіргі уақытта жағдай тұрақталды. Бұл туралы бүгін брифингте облыстық ТЖД-нің бастығы Талғат Нұрмағамбетов хабарлады.

«Мониторингке сәйкес, Қарағанды облысы бойынша 73 үй су астында қалды. Бұл жалпы алғанда тұрғын жайлар мен олардң аулаларының аумақтары. Қарбалас шақ 15 наурызда болды, мұнда жаңбыр кезінде жауын-шашынның айлық нормасы түсті. Ең күрделі жағдай Қарағанды қаласында қалыптасты. Облыс орталығындағы Пришахтинск, Сортировка аудандарында және қаланың кейбір көшелерінде 59 үй су астында қалды», - деді Т.Нұрмағамбетов.

ТЖД бастығы БАҚ-та аймақта тасқын салдарынан 100-ден астам үй су астында қалғаны және зардап шеккендер бар екені туралы ақпаратты жоққа шығарды. «Қазіргі уақытта барлық тұрғын үйлер бойынша жағдай тұрақталды. Баспаналарынан уақытша кеткен адамдардың барлығы үйлеріне оралды», - деп сендірді ТЖД-нің бастығы.

Ведомствоның ақпаратынша, суды тартып шығару үшін шамамен 180 техника бірлігі жұмылдырылған, 270 адам жұмыс іске қосылды. «Тұрғындарға келтірілген шығынды комиссия анықтайды», - деп қосты Т.Нұрмағамбетов.


Тегтер:

қарағанды

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!