Электронды оқытуды енгізу оқушылар үлгерімін 15 пайызға арттыруға мүмкіндік береді

Фотография - Электронды оқытуды енгізу оқушылар үлгерімін 15 пайызға арттыруға мүмкіндік береді

Электронды оқытуды енгізу оқушылар үлгерімін 15 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті

264 0

Электронды оқытуды енгізу оқушылар үлгерімін 15 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

«Яғни, білім беру сапасы тікелей артады. Бұл - әлемдік тәжірибеге сәйкес  келеді және біздің таңдаған жолымыздың дұрыстығын растайды»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі күні электронды оқыту жобасымен 581 ұйым қамтылған. «Мемлекеттік білім бағдарламасына сәйкес 2015 жылы осы жобаға білім беру ұйымдарының 50 пайызын, ал 2020 жылы 90 пайыздан астамын қосу қажет. Жоба өте ауқымды және 5 млн. астам адамды қамтиды. Олардың ішінде оқушылар, педагогтар, сондай-ақ ата-аналар бар. Электронды оқыту балабақшадан бастап, жоғары білім мен ғылым жүйесіне дейінгі барлық білім деңгейлерінде қолданылатын болады»,-деді Б. Жұмағұлов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!