Қазақстандағы барлық имам-молдалар аттестациядан өтетін болады

Фотография - Қазақстандағы барлық имам-молдалар аттестациядан өтетін болады

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған Сараптау комиссиясы Оңтүстік Қазақстан облысына келіп, имам-молдаларды аттестациядан өткізе бастады. Бұл туралы бірлестіктің ресми сайты хабарлап отыр

341 0

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған Сараптау комиссиясы Оңтүстік Қазақстан облысына келіп, имам-молдаларды аттестациядан өткізе бастады. Бұл туралы бірлестіктің ресми сайты хабарлап отыр. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажұлы Бас мүфти қызметіне кіріскелі дін саласы бойынша бірнеше бағытта жұмыстарды жүйелі жүргізуді қолға алды. Діни басқарманың алдына қойған негізгі жұмыстарының бірегейі – имам-молдалардың сауатын жетілдіріп, оларды қайта сараптаудан өткізу арқылы діни қызметтің сапасын арттыру. Осы мақсатпен Оңтүстік Қазақстан облысына келіп, имам-молдаларды аттестациядан өткізген ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанов, Оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков, психолог Маргарита Өскенбаева, т.б. дін мамандары әр имамның діни сауаты мен қабілетін сарапқа салды.

Шымкент қаласының 42 имамы екі күн бойы аттестациядан өтеді. Одан кейін аудан, ауыл молдаларының білімі сарапталмақ. Дін қызметкерлерінің діни сауаттылығы қасиетті Құранды тәжуид ережесіне сай анық, жатқа әрі мүдірмей оқу, Исламдағы фиқһтарды (құқықтарды) білу, Ақида ілімі деңгейін анықтау, араб тілі білімін анықтау, діни ағымдардың пайда болу тарихына қатысты сауатын білу және діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы Заң талаптары жайлы білімін анықтау, сондай-ақ психологиялық тест жүргізу арқылы анықталуда.

Бұдан бөлек мұсылманның күнделікті өмірінде кездесетін діни рәсімдерге қатысты білімі мен одан шығудың жолдары туралы ой-көзқарастары анықталуда. Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы Заңда Әбу Ханифа мәзһабына басымдық берілгені белгілі. Осыған орай ҚМДБ Сараптау комиссиясы мүшелері тарапынан имам Әбу Ханифаның өмірі мен діни ілімі туралы суалдар да қойылды.

Мүфтият бұрын болмаған оң бастамаға мұрындық болды: имамдар арасында 71 сұрақ бойынша психологиялық тест жүргізіліп жатыр. Мақсат – дін қызметкерлерінің қарым-қабілетін, мінез-құлқын, психологиясын анықтау әрі олардың жігерін ояту, қызметке деген құлшынысын арттыру.

«Бұл – аттестациядан өтпей қалған имам қызметтен босатылады деген сөз темес. Біріншіден, олардың діни білім деңгейін анықтай отырып, сауатын жетілдіруге жағдай жасау, мүмкіндіктер туғызу. Дін өкілдері арасында өтетін аттестациялау жұмысы басқа да облыс, аймақ, өңірлерде жүзеге асады. Сараптау комиссиясының шешімін Бас мүфти қарастырып, бекітеді»,-дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!