Қазақстанда интернетті қолданушылар саны 62 %-ға жетті

Фотография - Қазақстанда интернетті қолданушылар саны 62 %-ға жетті

Қазақстанда интернет қолданушылар ел халқының 62%-на жетті. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев бүгін Үкімет отырысында мәлімдеді

140 0

Қазақстанда интернет қолданушылар ел халқының 62%-на жетті. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев бүгін Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Ақпараттық-коммуникациялық құрылым тұрғысынан қарасақ, өткен жылы халыққа барлық байланыс операторлары арқылы телекоммуникациялық қызметтің ауқымды тізбесін ұсындық. Осы орайда интернет желісін пайдаланушылар саны 2013 жылдың 1 қаңтарында 62,8%-ға жетті. Біз 50 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерді CDMA технологиясы бойынша жылдамдығы 512кбт/с кең жолақты интернетке қол жеткізу мүмкіндігімен 100% қамтамасыз етеміз. Облыс орталықтары туралы айтсам, олар 4G технологиясын жылдың соңына дейін қолдана алады деп шамалап отырмыз», - деді А.Жұмағалиев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!