Сенат спикері Қ. Мәми Жапония Елшісін қабылдады

Фотография - Сенат спикері Қ. Мәми Жапония Елшісін қабылдады

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Жапонияның біздің еліміздегі Елшісі Юдзо Хараданы қабылдады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды

148 0

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Жапонияның біздің еліміздегі Елшісі Юдзо Хараданы қабылдады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Жүздесу барысында тараптар Қазақстан-Жапония ынтымақтастығының жағдайы және оның келешегі туралы пікір алмасты. Сондай-ақ, әңгіме барысында парламентаралық байланыстарды нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды дамыту мәселелеріне баса назар аударылды.

Сөз арасында спикер Қайрат Мәми, әсіресе, халықаралық «ЭКСПО-2017» арнаулы халықаралық көрмесіне әзірлік тұрғысында ынтымақтастық әлеуетінің зор екенін атап өтті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!