АҚШ елшілігі Қазақстанның полициясына арнайы көліктерді сыйға тартты

Фотография - АҚШ елшілігі Қазақстанның полициясына арнайы көліктерді сыйға тартты

ҚР-дағы Америка Құрама Штаттары елшілігі техникалық көмек көрсету шеңберінде ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетіне 26 автокөлік табыс етті

337 0

ҚР-дағы Америка Құрама Штаттары елшілігі техникалық көмек көрсету шеңберінде ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетіне 26 автокөлік табыс етті.

Аталмыш рәсімге Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов және АҚШ Елшісі Кеннет Фэйрфакс мырза бастаған АҚШ Елшілігінің делегациясы қатысты. 

Министрдің атап өткеніндей, сыйға тартылып отырған автокөліктер жергілікті жерлердегі есірткіге қарсы жедел-іздестіру және тергеу жүргізу кезінде пайдаланылатын болады.

Қазақстанда жасалған 11 бірлік Skoda Octavia және қызметтік-іздестіру иттерін тасымалдауға арналған 15 бірлік ГАЗ-2705-288 автокөлігі АҚШ Қорғаныс министрлігінің 2012 жылға арналған есірткіге қарсы күрес бағдарламасының шеңберінде сатып алынған.

«Қазақстан Үкіметі есірткі тасымалына қарсы ауқымды шаралар қабылдауда. Қазіргі уақытта жалпы бюджеті 6 миллиард теңгеге шақ келетін 2012-2016 жылдарға арналған арнайы бағдарлама бар. Ол еліміздің шекарасын, кедендік қызметін күшейтуге, есірткі заттарын анықтайтын арнайы техниканы сатып алуға бағытталған. қаражаттың бір бөлігі Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Мәдениет және ақпарат, Ішкі істер министрлігіне бөлінген. Сонымен қатар бізге Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының елшілігі де өзінің көмегін беруден аянбай келеді», - деді Қ.Қасымов. 

«Соңғы жылдары біз оң нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Есірткіге тәуелділердің саны 12 пайызға, ал кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында нашақорлық 20 пайызға төмендеді. Осындай нәтижелерді одан әрі жақсарту үшін бізге заманауи техника қажет», - деп түйді сөзін министр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!