«Электронды үкiметтің» мобильдiк қосымшасы шықты

Фотография - «Электронды үкiметтің» мобильдiк қосымшасы шықты

 Астанада «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ egov.kz сайтының мобильдiк қосымшасын жасап шығарды

187 0

 Астанада «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ egov.kz сайтының мобильдiк қосымшасын жасап шығарды.

Аталмыш жоба қазақ және орыс тiлдерiнде iOS пен Android бағдарламасына негiзделген ұялы телефондарға арналған.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаевтың атап өткенiндей, осы уақыттан бастап қазақстандықтар ұялы телефон немесе түрлi гаджеттердiң көмегiмен «электронды үкімет» ұсынған мемлекеттік қызметтерді еркін қолдана алмақ.

Атап айтқанда, электрондық-сандық қолтаңбасы бар әрбір азамат үйде немесе шетелде жүріп-ақ мекен-жай туралы анықтаманы сұратып, салық пен мемлекеттік қызметтерді, сондай-ақ айыппұлдарды төлеуге еркін қол жеткізбек. Телефон арқылы балабақшаға кезекке тұрып, кезектiң барысы туралы бiлiп отырады.

«Мұнда әрбір қазақстандық өз бизнесін, заңды тұлғаны тіркей алады. Бұның алдында азаматтар аталмыш қызметті алу үшін 5-тен астам құжат жинап, мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырып, 30 күнге жуық уақыт жұмсайтын. Қазір бұл үдерісті үйде отырып, бір күн емес, тіпті бірнеше сағаттың ішінде, ешбір құжат тапсырмай-ақ атқарып шығуға болады. Бар керегі - электрондық-сандық қолтаңбаның болуы», - дейді «ҰАТ» төрағасы. 

Оның айтуынша, биылдың өзінде онлайн тәсілмен 3 мыңға тарта заңды тұлға тіркелген.

«Біздің сайтымызда 22 әлеуметтік маңызға ие мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Ағымдағы жылдың соңына дейін біз әлеуметтік маңызы бар қызметтерді автоматтандыруды 100 пайызға жеткізбекпіз», - деп атап өтті Р.Еңсебаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!