Қамалғандар айыппұл төлеп бостандыққа шыға алады

Фотография - Қамалғандар айыппұл төлеп бостандыққа шыға алады

Қылымыскерлерді темір торға қамамай, айыппұл төлету қажет.

115 0

Қылымыскерлерді темір торға қамамай, айыппұл төлету қажет.

Қылмыстық жүйе саласына осындай жаңа реформа жасалуы мүмкін. Осы мақсатта ҚР Бас прокуратурасы бір жыл ішінде жаңа құжатты дайындады. Бүгін ҚР Әділет министрлігі құзырлы ұйымдармен бірігіп қылмыстық заңнаманы реформалаудың көкейкесті мәселелерін талқылады. ҚР Қылмыстық кодексі жобасындағы басты жаңашылдық – жаза жүйесіне еңгізілген өзгерістер. Ауыр емес қылмыс жасағандар үшін бас бостандығынан айыру жазасын, айппұл төйлетумен ауыстыру ұсынылды. Осылайша сотталуышлардың санын азайтуға болатындығын айтуда. Өйткені еліміз бұл көрсеткіш бойынша Ресей, АҚШ секілді елдерден озық тұр. Қылмыс жасағаны үшін салынатын айыппұл көлемдері де белгіленген. Теріс қылық үшін 500 айлық есептік көрсеткішке дейін, қылымыс жасағаны үшін 10 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.

Руслан ТОҚТАҒҰЛОВ, ҚР Бас прокуратурасының басқарма бастығы:

- Барлық санкциялар бойынша айыппұл көлемі 50-70 %-ға дейін көбейтілді. Біздің ойымызша, үлкен көлемде салынатын айыппұлдар бас бостандығынан айыру жазасынан кем түспейді. Бір жыл бас бостандығынан айыру жазасын біз бір мың айлық есептік көрсеткіш айыппұлмен теңестірдік. Мысалы, санкция бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген болса, оны 5 мың айлық есептік көрсеткіш айыппұлмен ауыстыруға болады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!