Биыл 400 аймақтық БАҚ интернетке көшеді

Фотография - Биыл 400 аймақтық БАҚ интернетке көшеді

Жуырда Қазақстандағы газет-журналдардың барлығында дерлік өз Интернет-сайттары болады.

199 0

Жуырда Қазақстандағы газет-журналдардың барлығында дерлік өз Интернет-сайттары болады. Биылғы жылдың өзінде «Қазконтент» АҚ-ы 400 басылымға ғаламтордан сайт ашып беруді жоспарлап отыр. Тек қаңтар-ақпан айларының өзінде 70 газеттің электронды нұсқасы пайдалануға берілген.

Естеріңізге салайық, Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен ақпан айында өткен алқалы жиында аталған мәселе жіті назарға алынған болатын. Хатшы тек басылымдар ғана емес, тіпті әрбір мемлекеттік органның әлеуметтік желілерде өз парақшалары болуы керек деп тапсырған.

Бүгінде «Қазконтент» АҚ-ы 28 мемлекеттік органның  ғаламтор-ресурстарына талдау жұмыстары жүргізіп келеді.

Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Қазтелерадио» АҚ-ы бірлесе отырып, 2012 жылдан бастап otautv.kz порталы арқылы отандық телерадиоконтентті транслияциялау мәселесі де қаралған. Оның көмегімен 37 телерадиоарнаны on-line арқылы қараудың мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, бір мезетте 500 қолданушы порталдың мүмкіндігін тұтына алады.

 


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!