Астана қаласының ІІД ЖПБ бастығы Бақтыгелді Айқымбеков өмірден озды

Фотография - Астана қаласының ІІД ЖПБ бастығы Бақтыгелді Айқымбеков өмірден озды

Астана қаласы ІІД ЖПБ бастығы полиция полковнигі Бақтыгелді Айқымбеков  51 жасында қайтыс болды.

287 0

Астана қаласы ІІД ЖПБ бастығы полиция полковнигі Бақтыгелді Айқымбеков  51 жасында қайтыс болды.

Бұл туралы Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«Кеше, Астана қаласы ІІД ЖПБ бастығы полиция полковнигі Бақтыгелді Айқымбеков  сырқат салдарынан көз жұмды. Біздің барлығымыз үшін бұл орны толмас қаза.

Жол полициясының бастығы беделді басшы, өз ісінің кәсіби шебері ретінде  мәңгілікке біздің жадымызда қалады.

Бақтыгелді Айқымбеков 1961 жылы 5 желтоқсанда Талдықорған облысының Гвардия ауданының Развильное ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдаған.

Қызметін Алматы қаласы ҚІІБ МАИ жол-пост қызметінің инспекторлығынан бастап, басшылық лауазымдарға дейін жетті. Ол өмірінің көп жылын жол полициясына арнады.

2005 жылдан 2008 жылға дейін Алматы Жол полициясы басқармасының бастығы лауазымында қызмет етті,  2008 жылдың сәуірінен бастап Астана   Жол полициясы басқармасын басқарды.

Адал еңбегі үшін Бақтыгелді Емелұлы көптеген мемлекеттік наградалармен және медальдармен марапатталды» - делінген хабарламада.


Тегтер:

саясат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!