Арқалық қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Фотография - Арқалық қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Қ.Ғабдулин бұған дейін Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасын басқарды.

379 0

Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасовтың өкімімен Ғабдулин Қанат Мырзағалиұлы Арқалық қаласының әкімі болып тағайындалды.

Қ.Ғабдулин бұған дейін Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасын басқарды.

Облыс әкімі сондай-ақ Арқалықтың бұрынғы әкімі Берік Әбдіғалиұлын басқа жұмысқа - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып ауысуына байланысты қызметінен босатуды бұйрық етті.

Қ.Ғабдулин 46 жаста, ол Қостанай облысының тумасы болып табылады. «Агроном ғалым» мамандығы бойынша жоғары білімі бар, биология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие.

Еңбек жолын жұмысшы ретінде бастаған ол агроном, Алматы қаласындағы Қазақ ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері болды, ауыл бизнесінде жұмыс істеді, Қостанай мемлекеттік университетінде жұмыс атқарды. 2002-2011 жылдары Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары, облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің директоры, Сарыкөл ауданының әкімі болып қызмет атқарды. 2011 жылдың қарашасынан бастап - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. 2007 жылы «Құрмет» орденімен, 2005 жылы «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!