Алдымызда үлкен асулар бар

Фотография - Алдымызда үлкен асулар бар

Бұл туралы бүгін Алматыда Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

233 0

Бірлігіміз жарасса, тыныштықты сақтасақ және бәріміз бірігіп жұмыс істейтін болсақ бұдан да жарқын өмірге қол жеткіземіз.

Бұл туралы бүгін Алматыда Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Қазір бүкіл дүниеде дағдарыс. Жалақыны, зейнетақыны қысқартып, жұмыс орындары қысқарып жатыр. Біз соңғы 5 жылдағы дағдарыстың ішінде жаңа жұмыс орындарын құрдық, 700-ден астам мекеме салып, халыққа жұмыс тауып берудеміз. Осының барлығы елдің, қазақтың бірлігінің арқасы. Соның арқасында біздің қазақтың саны 4 млн.-ға өсті. Халықтың орташа ғұмыры 64-тен 70 жасқа дейін ұзарды. Мұның барлығы қуантарлық мәселе», - деді Н.Назарбаев.

Елбасының айтуынша, алдымызда әлі де үлкен асулар бар. 2050 жылға дейінгі үлкен Бағдарлама қабылданды. Дамыған 30 елдің қатарынан көріну ниетіміз бар. Егер бірлігіміз бұдан әрі де жарасып, елде тыныштық болса,  баршамыз жұмылып жұмыс істейтін болсақ - ол белестерді де аламыз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!