Хорватия астанасында Қазақстан Елшілігінің жаңа ғимараты ашылды

Фотография - Хорватия астанасында Қазақстан Елшілігінің жаңа ғимараты ашылды

Наурыз мерекесі қарсаңында Хорватияның астанасында қазақстандық Елшіліктің жаңа ғимараты ашылды.

153 0

Наурыз мерекесі қарсаңында Хорватияның астанасында қазақстандық Елшіліктің жаңа ғимараты ашылды.

Қазақстан Елшілігі Хорватия Президенті Кеңсесінің, сондай-ақ бірқатар Еуропа мен Азия елдерінің елшіліктері мен резиденциялары маңында орналасқан.

Аталған елдегі Қазақстан Елшілігінің мәліметінше, дипломатиялық кеңсе оңаша орналасқан және оның жалпы ауданы 500 шаршы метрді құрайды. Онда жұмыс кабинеттері және консулдық мәселелер бойынша келушілерді қабылдауға арналған орын жасақталған. Қоғамдық, мәдени шараларды, көрмелер мен жиындарды өткізу үшін конференц-зал мен қабылдау залы қарастырылған.

Елшіліктің жаңа ғимаратында қауіпсіздіктің барлық талаптары ескерілген, сондай-ақ дипломатиялық және консулдық қызметтерді ең жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік береді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!