Норвегия СІМ басшысы осы елде Қазақстан елшілігінің ашылуына жоғары баға берді

Фотография - Норвегия СІМ басшысы осы елде Қазақстан елшілігінің ашылуына жоғары баға берді

Ерлан Ыдырысов Ослоға сапарының алғашқы шарасы ретінде 21 наурыз күні Норвегияның мұнай және энергетика министрі Ула Буртен Муэмен кездесті. Тараптар дәстүрлі салалардағы, соның ішінде мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ жаңғыртылатын энергия көздерін дамытуды, биоотын өндіруді талқылады

232 0

Қазақстанның сыртқы саяси ведомство басшысының Ослоға сапары оның «солтүстік турнесіндегі» соңғы аялдамасы болды, деп хабарлайды ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысының сыртқы саясаттағы жаңа тапсырмасына сәйкес Финляндия, Швеция және Норвегиядағы қазақстандық делегация «жасыл» экономиканы дамыту және халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін өткізу тұрғысында «таза» технологияларды тартуға ұмтылды.

Ерлан Ыдырысов Ослоға сапарының алғашқы шарасы ретінде 21 наурыз күні Норвегияның мұнай және энергетика министрі Ула Буртен Муэмен кездесті. Тараптар дәстүрлі салалардағы, соның ішінде мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ жаңғыртылатын энергия көздерін дамытуды, биоотын өндіруді талқылады. Қос ведомство басшылары Қазақстандағы экологиялық таза және инновациялық энергетиканы дамыту үшін норвегиялық тәжірибе мен технологияларды қолдану мақсатында өзара ықпалдастықты жалғастыруға келісті.

Осыдан соң Е.Ыдырысов Норвегия парламентінің вице-президенті Марит Нюбакпен кездесті. Келіссөздер барысында парламентаралық ынтымақтастық, ядролық қаруды таратпау, аймақтық ықпалдастық және басқа мәселелер талқыға түсті. М.Нюбак Қазақстан мен Норвегия арасындағы түрлі деңгейде делегация алмасу қарқынды жүріп жатқанын атап өте келе, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қол жететініне сенім білдірді.

Норвегияның Сыртқы істер министрі Эспен Эйдемен кездесуде екіжақты және халықаралық сипаттағы кең ауқымды мәселелер талқыланды. Соның ішінде екі ел арасындағы сауда айналымын кеңейту, Иран ядролық бағдарламасы, Ауғанстанға қол ұшын беру және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері бар. Э.Эйде ағымдағы жылы Қазақстанның Норвегия Корольдігінде толыққанды елшілігі ашылатынына жоғары баға берді.

Бұдан басқа, Е.Ыдырысов іссапар аясында Норвегияның халықаралық қатынастар институтында екіжақты ынтымақтастықты дамыту және нығайту тақырыбында сөз сөйлеп, «Dagens Næringsliv» газеті мен Норвегия ұлттық телевидениесіне сұхбат берді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!