Қазақстанның үздік ректорлары анықталды

Фотография - Қазақстанның үздік ректорлары анықталды

 Астанада отандық жоғары оқу орындарының үздік ректорларына құрмет грамоталарын табыс ету салтанаты өтті.

200 0

 Астанада отандық жоғары оқу орындарының үздік ректорларына құрмет грамоталарын табыс ету салтанаты өтті.

Танымал www.univerlife.kz интернет порталы ұйымдастырған бұл конкурстың қорытындысы Наурыз мейрамы қарсаңында шығарылды, деп хабарлады Орталық косммуникациялар қызметінің сайты.

«Басқа конкурстардан айырмашылығы сол, үздік ректорлар студенттердің бағалауларының негізінде анықталды. Саладағы ең үздіктерді анықтауға студент жастардың таңдаулары көмектесті», - дейді Univerlife.kz порталының әкімшісі Әсет Оспанов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алғашқы үздіктер үштігіне Қазақтың С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Дамир Шыныбеков, «Сымбат» сән бизнесі академиясының президент-ректоры Сабыргүл Асанова кіріп отыр.

Бұдан былай конкурс жыл сайын өткізіліп отырады. Сонымен қатар, Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының да рейтингі жасалмақ.


Тегтер:

білім

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!