Березовский мен Мұхтар Әблязовтің тағдырында ұқсастық көп

Фотография - Березовский мен Мұхтар Әблязовтің тағдырында ұқсастық көп

Борис Березовский мен қазақстандық экс-банкир Мұхтар Әблязовтің тағдырында ұқсастық көп.

175 0

Борис Березовский мен қазақстандық экс-банкир Мұхтар Әблязовтің тағдырында ұқсастық көп. «Контур» басылымына сұхбат берген сарапшы Макс Иволгин осылай дейді.

«Әблязовті де дағдару, кедейлену, жалғыздық, депрессия сынды қасіреттер күтіп тұр. Бұл тек уақыттың еншісінде. Отандық олигархтың жасы 49-да болғанымен, оның тағдыры қандай болатыны қазірден анық»,-деді Иволгин. 

Березовский мен Әблязовті салыстыра отырып, сарапшы екеуінде бір-біріне көп ұқсастық бар екенін байқағанын айтады.  Березовский секілді Әблязов те бизнеске ғылыми ортадан келіп, астыртын әрекеттер арқылы капиталын жасады. Саясатпен айналысып, соңында шетелге қашты.

Олигархтардың екеуі де Ұлыбританияға келіп, «Еуропалық демократия» қол астында болды. Алайда барынша әділ деп саналған Лондон Жоғарғы сотының шешімі екі олигархты да таңғалдырды. Березовский миллиардтаған соманың арызы қаралған сотта Роман Абрамовичтен ұтылса, Әблязов БТА банкімен соттасып, жеңілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдың ақпан айында Лондон соты Мұхтар Әблязовті 22 ай қамауға алу туралы үкім шығарған болатын. Алайда, сот үкімі шыққанға дейін экс-банкир Ұлыбританиядан ізін жасырған. Батыс БАҚ мәліметтеріне қарағанда, бүгінде ол Швейцарияны паналап жүруі ықтимал.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!