Орталық коммуникациялар қызметі брифингіне 26 наурызда Ә.Бәйменов қатысады

Фотография - Орталық коммуникациялар қызметі брифингіне 26 наурызда Ә.Бәйменов қатысады

Брифингке Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Әлихан Байменов қатысады деп жоспарлануда.

324 0

Сейсенбі, 26 наурыз күні сағат 12.00-де, Астанадағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев дәстүрлі апталық брифинг өткізеді.

Брифингке Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Әлихан Байменов қатысады деп жоспарлануда.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда мемлекеттік қызмет саласында реформа жүргізілуде. 2013 жылғы 26 наурызда осы саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енеді.

Әкімшілік реформа мәселелері туралы Әлихан Байменовке қоятын сауалдарыңыз болса, #ortcom хештегі бойынша Орталық коммуникациялар қызметінің твиттер-аккаунтына жолдаңыздар. Сауалдар сейсенбі, 26 наурыз күні сағат 10.00 дейін қабылданады.

ОКҚ твиттер-аккаунтының фолловерлері қойған және ең көп «ретвит» алған сауалдарды ресми өкіл брифинг кезінде қояды. Ал қалған сауалдарға жауап жазбаша түрде беріледі және ortcom.kz сайтында жарияланады.

Брифингке қатысу үшін БАҚ өкілдері +7 7172 559338 телефоны, немесе ОКҚ Фронт кеңсесінің - info@ortcom.kz электрондық адресі арқылы аккредитация жасай алады. Бейнеконференция байланысына өңірлік БАҚ журналистері шақырылады.

ОКҚ твиттер-аккаунтын, Facebook, Vkontakte әлеуметтік желілеріндегі парақтарын қарап отырыңыздар. Брифингтің онлайн-таратылымын 26 наурыз күні Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де Ortcom.kz сайтынан көре аласыздар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!