Беларусь Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Фотография - Беларусь Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Бұл туралы Беларусь Премьер-Министрі Михаил Мясникович Қазақстанның Беларусьтегі Төтенше және Өкілетті елшісі Ерғали Бөлегеновпен кездесуі барысында мәлім етті

96 0

Беларусь Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі.

Бұл туралы Беларусь Премьер-Министрі Михаил Мясникович Қазақстанның Беларусьтегі Төтенше және Өкілетті елшісі Ерғали Бөлегеновпен кездесуі барысында мәлім етті, деп хабарлайды БЕЛТА.

Тараптар екіжақты форматта және Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі әріптестікті дамыту перспективасын талқылады.

Белоруссия үкіметі үстіміздегі жылдың сәуір айына жоспарланған Қазақстан Премьер-Министрі Серік Ахметовтің Беларусьқа сапарына үлкен мән береді. Сапар кезінде екі ел арасындағы тауар айналымын кеңейту мүмкіндігі, бірлескен инвестициялық жобалар талқыланып, ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылады деп күтілуде. «Осы тұрғыда біз «Могилевхимволокно» бойынша ортақ пікірге келуіміз қажет. Менің ойымша, бұл мәселе өте баяу шешілуде», - деп атап өтті Михаил Мясникович.

Премьер-Министр экспортты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды. «Біз Қазақстандағы мемлекеттік бағдарламаларға, бірінші кезекте ауыл шаруашылығы машиналарын құрастыру саласында белорус компанияларының қатысуына мүдделіміз», деп атап өтті ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!