Қар тазалау әкімдердің міндеті

Фотография - Қар тазалау әкімдердің міндеті

Қазір көктем келіп, нағыз қар еріп жатқан кез. Әсіресе, қаланың жер үйлері орналасқан шеткері аймақтары езіліп, ми болып жатыр.

285 0

Қазір көктем келіп, нағыз қар еріп жатқан кез. Әсіресе, қаланың жер үйлері орналасқан шеткері аймақтары езіліп, ми болып жатыр. Әрине, биыл қар жылдағыдан қалың түсті, оның көктемде топан суға айналуы мүмкін екені белгілі болды. Сондықтан, қарды тазартудың қажеттілігі өзекті мәселелердің бірі болуы керек еді. Бірақ, жергілікті атқарушы билік өкілдерінің бәрі бірдей оған жеткіліті көңіл бөле қоймаған.


Қар көбесі сөгіліп, көктем туа бастағанда Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметовке дабыл қағып, блогына сауал жолдаған Талапкер ауылының тұрғыны Серік Шәріповтың алаңдаушылығына құлақ түрейік. Ол елді мекендегі қарды кім тазалау керек: әкімдік па, әлде тұрғындардың өзі ме деп сауал тастайды. «Мемлекеттік бюджетте қысқы уақытта қар тазалауға қатысты статья қарастырылған ба? Әзірге әкімдіктің белсенділігін көре алмай отырмын. Қыста қордаланып қалған қарды аршу үшін өзімнің трактор жалдауыма тура келді. Ол менің үйімнен трассаға дейін жолды тазартып кетті. Бізде ешкім ештеңеге жауап бермейді, әркім өз қайғысымен өзі»,– деп күйінеді ол.

Қосман Қайыртайұлы арызданушы Серікке елді мекеннің қарын тазалауға селолық әкімдік міндетті екенін, ол бұл жұмыстарға сол өңірде орналасқан шаруашылық құрырылымдарының техникасын жұмылдыра алатындығын айтып жауап берді. «Бұл мәселені Целиноград ауданының әкімі А.Үйсімбаев бақылауға алып отыр»,– деп арызданушының алаң көңілін басты облыс басшысы.


Тегтер:

жол апаты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!