Қазақстандағы 3200 саяси лауазымды қызмет 430-ға дейін қысқарды

Фотография - Қазақстандағы 3200 саяси лауазымды қызмет 430-ға дейін қысқарды

Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңнамаға сәйкес, елімізде 3200 саяси лауазымды қызметтің 430-ы ғана қалды

140 0

Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңнамаға сәйкес, елімізде 3200 саяси лауазымды қызметтің 430-ы ғана қалды.

Бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің дәстүрлі апталық брифингісінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов осылай мәлім етті.

«Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарының жаңа тізілімі бекітілген болатын. Есте болса, Елбасы Н. Назарбаев саяси мемлекеттік қызметшілердің санын 8 есеге қысқарту туралы тапсырма берген еді. Осыған сай, 430-ға жуық саяси лауазым қалды. Бұрын бұл 3 мың 200-ден астам болатын», - деді Ә. Бәйменов.

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш тізіліммен «А» басқарушы корпусының құрамы да бекітіліп отыр. Оның ең жоғары деңгейіне жауапты хатшылар, аппарат жетекшілері, Үкімет кеңсесінің, Мәжіліс пен Сенат аппаратының бөлім меңгерушілері, Президент Әкімшілігінің сектор меңгерушілері енеді. Бұдан бөлек, «А» басқарушылар лауазымына аймақтардан барлық аудан, қала әкімдері, өңірлердегі тексеру комиссияларының мүшелері кіреді. «А» басқарушылық корпусына арнайы біліктілік талаптары да бекітілген. Бұл біліміне, еңбек өтіліне, лауазымына байланысты қосымша талаптар болып табылады.

«Сонымен қатар, Ұлттық комиссия жөнінде жарлық қабылданып, «А» корпусына іріктеу ережелері бекітілді. Сол үшін бүгіннен бастап «А» корпусының лауазымын алам деген азаматтар Ұлттық комиссия жасақтайтын резервтерге енуі шарт. Бұл барлық азаматтарға тең, яғни бүгінгі күні сол лауазымды атқарып жатқандар да, сырттан қатысуға ниеттілер де теңдей қабылданады. Ал бүгінгі жұмыс жасап отырған азаматтар өздерін тағайындаған тұлғалармен еңбек шартына отырады. Еңбек шартының ең ұзақ мерзімі жарты жыл», - дейді Ә. Бәйменов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!