Сөз бостандығының маңыздылығына қарамастан, кейде пікіріңді еркін айтуға мүмкіндік болмайды

Фотография - Сөз бостандығының маңыздылығына қарамастан, кейде пікіріңді еркін айтуға мүмкіндік болмайды

Сөз бостандығының маңыздылығына қарамастан, кейде тіпті өз пікіріңді еркін айтуға мүмкіндік те болмай қалады.

141 0

Сөз бостандығының маңыздылығына қарамастан, кейде тіпті өз пікіріңді еркін айтуға мүмкіндік те болмай қалады.

Бүгін Астанада «Қазақстан Республикасының медиа заңнамасын реформалаудың келешегі» атты тақырыпта өтіп жатқан «дөңгелек үстел» барысында сөз сөйлеген Норвегия Корольдігінің Қазақстандағы Елшілігінің өкілі Виктор Йенсен осындай пікір білдірді. 

«Соңғы жылдары Қазақстан медиа саланы реттейтін бірқатар жаңа заңнамалар қабылдады, азаматтық қылмыстық құқыққа өзгерістер енгізді. Ондай өзгертулердің бірқатары пікірталасқа да ұласып жатқаны шындық. Сол тұрғыдан алғанда бүгінгі басқосудағы мәселелер мен Қазақстандағы және одан тысқары жерлердегі сөз бостандығына қатысты мәселелер ұрынатыны бар. Азаматтардың ақпаратқа қолжетімдігі мен оны тарату құқығына еш нәрсе шектеу болмауы керек. Дегенмен, бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе кейде әрқилы түсіндіріледі», - дейді Виктор Йенсен.

Сонымен қатар, елшілік өкілі соңғы уақытта Қазақстан мен Норвегия арасындағы ынтымақтастық жақсы дамып келе жатқанына тоқтала келе, өз еліндегі БАҚ заңнамасының ерекшеліктеріне тоқталып өтті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!