ҚР Қорғаныс министрлігі: Курсанттар далалық жаттығуды аяқтады

Фотография - ҚР Қорғаныс министрлігі: Курсанттар далалық жаттығуды аяқтады

 Құрлық әскерлері Әскери институтының 2 курс курсанттары далалық полигонда болып, апта бойына тактика бойынша тәжірибелерін шыңдады.

319 0

 Құрлық әскерлері Әскери институтының 2 курс курсанттары далалық полигонда болып, апта бойына тактика бойынша тәжірибелерін шыңдады, әскери топографиялық, радиациялық, әскерлерді химиялық және биологиялық қорғау сабақтарынан білімдерін пысықтады, сондай-ақ атыс дайындығы бойынша дағдыларын жетілдірді. Бұл туралы ҚР ҚМ баспасөз қызметінен хабарланды.

«Оқу орталығындағы сабақтар ұрысты ұйымдастыру мен жүргізудегі тәжірибені шыңдау, тактикалық, атыс және әдістемелік оқулардың сапасын арттыру мақсатында жүргізілді», - дейді 1-ші факультеттің бастығы подполковник Олег Устичев.

Сабақтар әрбір курсантқа қару мен әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша берілген нұсқаулардан басталды.

Курсанттар жеке ату қарулары және жаяу әскер жауынгерлік машинасынан бақылау атыстарын өткізді. Сонымен қатар, курсанттар оқу жетекшісі ретінде де өз біліктері мен білімдерін көрсетті.


Тегтер:

Әскер

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!