Байқоңырда бүгін Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының 1 отырысы басталады

Фотография - Байқоңырда бүгін Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының 1 отырысы басталады

28-29 наурызда Байқоңыр қаласында «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының 1 отырысы өтеді.

230 0

28-29 наурызда Байқоңыр қаласында «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының 1 отырысы өтеді.

Отырысқа ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов пен Ресей үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов төрағалық етеді. Іс-шараға сондай-ақ ҚР ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев, РФ федералдық ғарыш агенттігінің басшысы Владимир Поповкин, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Александр Мезенцев, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі өкілі Рзақұл Нұртаев, сондай-ақ тараптардың мүдделі министрліктері мен ведомстволары өкілдері қатысады.

Тараптар  «Байқоңыр» кешені бойынша әр түрлі мәселелер, сондай-ақ Байқоңыр қаласын одан әрі дамытудың әлеуметтік-экономикалық мәселелері талқыланады.

Сондай-ақ отырысқа қатысушылар «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-ТМА-08М» басқарылатын ғарыш кемесінің іске қосылуын бақылайды. Ақпарат BNews.kz сайтынан


Тегтер:

Байқоңыр

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!