Орталық Азиядағы лаңкестік мәселесі Алматыда талқыланды

Фотография - Орталық Азиядағы лаңкестік мәселесі Алматыда талқыланды

Кеше Алматыда «Орталық Азиядағы терроризм: аңыз әлде ақиқат?» деген  тақырыпта дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

253 0

Кеше Алматыда «Орталық Азиядағы терроризм: аңыз әлде ақиқат?» деген  тақырыпта дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Оны ҚР Білім және ғылым министрлігінің Философия, саясаттану және дінтану институты мен  Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты Еуразия ғылыми-зерттеу институты бірлесіп ұйымдастырды.

Философия ғылымдарының докторы Бақытжан Сатершиновтің айтуынша, бұл келеңсіз құбылыстың алдын-алу үшін заңнамалық-құқықтық тыйым салу, мектептер мен орта арнайы және жоғары оқу орындарында дінтанулық білім берумен қатар, ханафилік мәзхабты уағыздау жолымен діни ағартушылық жұмыстарын жүргізу керек. Мемлекеттік орган қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, ғалымдар мен дінбасылар бірігіп, бюджеттік мекеме қызметкерлері, студент, магистрант, докторант жастар, БАҚ өкілдері және т.б. қоғамдағы әр алуан әлеуметтік сегменттермен  кездесулер, сұхбаттар, семинар-тренингтер сияқты ақпараттық-насихат жұмыстарын атқаруы тиіс. Бұл шаралар, елді мезі қылатындай немесе кері әсер туғызатындай емес, дәл бағытталып, дәрістер, уағыздар, фильмотека, БАҚ, интернет ресурстар тартымды түрде қолданылуы қажет.


Тегтер:

терроризм

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!