Парламент Қазақстан мен Корея арасындағы Балқаш ЖЭС-іне қатысты келісімді қабылдады

Фотография - Парламент Қазақстан мен Корея арасындағы Балқаш ЖЭС-іне қатысты келісімді қабылдады

«Балқаш жылу электр стансасы» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын болады.

184 0

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасы Үкіметі арасындағы Балқаш жылу электр стансасын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету саласындағы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды.

Қазақстан мен Корея арасындағы аталған келісімге 2011 жылдың 25 тамызында Астана қаласында екі Мемлекет басшыларының қатысуымен қол қойылған болатын. Бұл ретте, келісім Қазақстан мен Кореяның электр энергетикасы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастығын тереңдетуге сондай-ақ жаңа технологиялар тартуға бағытталған. Экономикалық тұрғыдан тиімділігі үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша бірлескен міндеттемелерді қарастырады.

Жалпы, жоба Қазақстанның энергетикалық тұрғыдан тәуелсіз болуын, біртұтас электр энергетикасы жүйесіндегі Қазақстанның Оңтүстік аймағында электр қуатының резервтерін жасау есебінен тұтынушыларды энергиямен қамту сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыруды электр энергиясын тәуелсіз өндіруші болып табылатын «Балқаш жылу электр стансасы» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!