Мемлекеттік комиссия қыркүйекте жұмысын бастайды

Фотография - Мемлекеттік комиссия қыркүйекте жұмысын бастайды

«Біз латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты үкіметке депуттатық сауал жолдаған болатынбыз.

221 0

«Біз латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты үкіметке депуттатық сауал жолдаған болатынбыз. Оның ресми жауабын да алдық» деп мәлімдеді Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Алдан Смайл.

Оның айтуынша, осы жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап Президент жарлығымен Мемлекеттік комиссия өз жұмысын бастайтын көрінеді. Бұл ретте ең алдымен түркі тілдес халықтар арасында латын әліпбиін қолданысқа енгізген Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан мен Түркіменстан елдерінің тәжірибелерін сараптай отырып, алфавит ауыстырудың тиімді жолдары таңдалмақ. Бүгінгі таңда қазақ алфавитінің латын үлгісіндегі бірнеше жобалары да дайын. Тек, дұрыс таңдай білуіміз керек деді ол.

Сонымен қатар, жиын барысында алдағы мамыр айында Мәдениет және ақпарат министрлігінің мұрындық болуымен «Қазақ әліпбиін латынға көшірудің өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілетіндігі айтылды.


Тегтер:

тіл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!